Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Массагет порталына тіркелу барысы

Массагет порталына тіркелу барысы

Массагет порталына тіркелу барысы

Бұл осында тіркеліп, пікір жазып жүрген оқырмандар үшін қарапайым дүние болуы мүмкін. Дегенмен, осы сайттың журналистеріне “Біз сайтқа тіркеле алмадық” деген секілді пікірлер көп түсіп жатады. Бұл шынында да қарапайым болғанымен, көп оқырманға бейтаныс басқыштар. Төменде осы сайтқа тіркелу барысын қарапайым ғана суретті жолдамалар арқылы түсіндіреміз.

Суреттегідей, сайттың басты бетінің жоғары оң жақ жиегінде "Тіркеу", "Кіру" деген батырмалар тұр. Сіз бұрын тіркелмеген болсаңыз, “Тіркеу” батырмасын басыңыз. Төмендегідей шағын терезе ашылады.

Алдымен осы терезедегі сұрақтардың бәрін толтырыңыз. “E-mail” деген жерге өзіңіздің күнделікті қолданып жүрген почта адресіңізді жазыңыз да, “Тіркелу” дегенді басыңыз.

Көп жағдайда бұрын тіркеліп қойып, кіре алмай жүрген болсаңыз, мына суреттегідей “E-mail” адресінің астыңғы жағына “E-mail уже зарегистрирован. Для входа используйте логин и пароль от on.kz” деген жазу шығып алады. (Мұндай жағдайда бірден сайт журналистерінің почтасына өз почта адресіңізді жазып, кілт сөзді өзгертіп беруді сұрасаңыз, сіз үшін қызмет етуге дайынбыз. Және ешқашан сіздің атыңыздан журналистер пікір жазбайды).

Немесе, сіз досыңыздың почта адресін пайдалана тұруыңызға болады. Онда хабарлама сіздің досыңызға келіп тұратын болады. Мұның бәрін әуре көрсеңіз, өзіңіздің басқа бір почта адресіңізбен тіркеле бересіз. (Ескерту: “Кілт сөз” деген жерге әсте почтаңыздың кілт сөзін жазбайсыз. Осы сайтта қолданатын кілт сөзіңізді жазасыз. Мысалы: 123456).

Суреттегідей барлық сұрақтарды толтырып болған соң, астындағы “Тіркелу” деген батырманы басасыз. Сосын төмендегідей сурет көрінеді.

Мұнда “Тіркеуден сәтті өттіңіз. Нұсқалған e-mail-ға пошта жәшігіңізді растау туралы сілтеме жіберілді” деген ескерту сөзі шығып тұр.

Осыдан кейін сайтқа бірден кіруге асықпаңыз. Көп оқырман осылай жасайды да, тіркелген ат автоматты түрде құлыптанып қалады. Алдымен электронды почтаңыздағы Massaget.kz сайтының сізге жіберген хабарламасын ашасыз.  

Хабарламаны ашқан соң, “Для подтверждения регистрации перейдите по ссылке http://massaget.kz/confirm/abc6a0e332667a3aa88207edc1647a8b деген сілтемені көрдіңіз. Енді сол сілтеме арқылы ғана сайтқа өте аласыз.

Енді жоғарыдағы суреттегідей Массагет сайтына кіру терезесі автоматты түрде ашылады. Мұндағы “E-mail” деген жерге өзіңіз жаңа ғана толтырған почта адресіңізді жазасыз да, “Кілт сөз” деген жерге тіркелу кезінде жазған кілт сөзіңізді толтырасыз (тағы да электронды почтаңыздың кілт сөзін толтырып алып, шатасып жүрмеңіз).

Сіз сайтқа сәтті түрде тіркеліп, кірдіңіз. Суреттегі “Аватарды өзгерту” және “Мәліметтерді өзгерту” деген жерді басып, кіру арқылы, өз суретіңізді және өзіңізге қатысты ақпараттарды толтыра аласыз. Ал жоғары жағындағы “Маssaget.kз” деген суретті басу арқылы басты бетке ауыса аласыз.

Сонымен, құрметті оқырман, сіз сәтті тіркелдіңіз. Сайт сіздің жақсы досыңызға айналса, біз үшін үлкен қуаныш. Әрбір жолдама үшін құнды пікір, өрелі кеңес күтеміз. Рақмет. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: massaget.kz

4388 11
Рейтинг: +5

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 25 ақпан 2013, 16:37
Пікірлер
+0
25 ақпан 2013, 16:51

Оо жақсы болды. Менен қалай тіркеледі деп сұрайтып өте көп еді... Енді Массагеттің қолданушылары көбейетіні сөзсіз! :P

+0
25 ақпан 2013, 17:50

йә, бұл жөнінде сұрайтындар өте көп. тіркеле алмаған оқырмандар үшін.

+0
25 ақпан 2013, 18:15

дұрыс нұсқаулық, сіңілім тіркеле алмай жүрмін деген

+0
25 ақпан 2013, 18:18

мен өзім үйрендім басында :P

+0
25 ақпан 2013, 22:29

мен де азар тиркелдим,

+0
25 ақпан 2013, 23:18

менде зорға тіркелгенмін

+0
25 ақпан 2013, 23:23

Массагет сайтын оқып жүргеніме 2 айдай болған. Інімнің, өзімнің агенттеріммен кіріп түк өндіре алмағанмын. Мына нұсқаулықты көрген бойда, жаңа почта ашып қолданып көргенмін, бәрі сәтті аяқталды. Сізге көп рахмет Алшын Матай.

+0
26 ақпан 2013, 00:02

мен мұнда тіркелуін тіркелгеніммен, :( әлі дұрыстап түсініп үлгермедім. Мұндағы адамдардың барлығы бір-бірімен таныс сияқты ғой :)

+0
26 ақпан 2013, 00:03

жазылған пікірлерді оқысам

+0
26 ақпан 2013, 16:18

мен бірден тіркелдім, қалай тіркелгенімді өзім білмей қалдым :D

+1
25 қараша 2014, 00:43

мен алғаш рет вк ға тіркелгенмін алайда массагет сайтын көрген соң бірден тіркелуге тырыстым тіркелдім менің ойымша массагет сайты вк ға қарағанда тиімдірек сондықтанда мен вкдағы өзімнің жеке парақшамды өшіріп тастадым енді мен тек массагет сайтында отырамын админстраторларға көп рахмет

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...