Google жасөспірімдер арасында дода жариялады

Google жасөспірімдер арасында дода жариялады

Google Science Fair 2013 – ғылым мен технология саласындағы онлайн бәсеке, ол бүкіл әлемнің түкпір-түкпіріндегі 13 пен 18 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған. Ұйымдастырушылардың басты ұраны: «Біз әлемді өзгертетін өзгеше ой мен қиялды іздеу үстіндеміз!» Аталған додаға қатысу үшін сізде тек Google аккаунты болу керек.

Шараның ресми уеб парақшасында өзіңнің технология немесе басқа жақтағы тәжірибеңді жасауыңа болады. Басты сыйлығы National Geographic экспедициясымен әлемнің тылсым сырларын зерттейді және 50 мың АҚШ доллары қаржылай көмегі де бар. Бұдан басқа Google-дың арнайы тағайындаған гранттары, өзгеше кәдесыйлары, «Американың ғылым адамы» құпияларымен танысу мүмкіндігі беріліп, сол баланы оқытып жатқан мектеп 10 мың АҚШ доллары сыйақыға ие болады екен. Әлемді өзгерту жобасын ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба арқылы мектеп жасындағы балаларды ғылымға талпындырып, олардың өз алдына тәуелсіз ойлау қабілеттерін жетілдіруді мақсат тұтып отыр екен. Аталған жобаға тек баланың өзі ғана емес, топтық түрде, ата-анасымен бірге қатысуына да болады.

Жобаға қатысу үшін googlesciencefair.com сайтына кіріп, тіркелуі керек. Бірнеше минутта толық мәліметтерге ие боласыз. Сосын, gsfparentalconsent@gmail.com поштасына сурет т.б. өзіңіз жайлы мәліметтерді жібересіз.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: engadget.com

M. Auelkhan