Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / I-dos. Интернеттен тауар сатып алу

I-dos. Интернеттен тауар сатып алу

I-dos. Интернеттен тауар сатып алу

Осыдан біраз уақыт бұрын интернет саудасы туралы, нақтырақ айтсақ, eBay аукционынан тауар сатып алу туралы әңгіме бастаған болатынбыз. Сол сұхбатымызды соңына жеткізгелі отырмыз.

Естеріңізде болса, интернеттен тауар сатып алудың алгоритмін айтып өттік.

1. Алдымен өзіңізге ыңғайлы төлем картасын таңдап алуыңыз керек. 

2. Төлем картаны шығаратын банкті таңдау керек.

3. Төлем картасын ашу.

4. Интернет-банкинг жүйесіне тіркелу.

5. PayPal жүйесіне тіркелу.

6. eBay аукционына тіркелу. 

1. Төлем картасын таңдау.

Дүниежүзіндегі барлық төлем карталарының 26%-ға жуығы MasterCard үлесіне тисе, 57%-ы VISA төлем жүйесіне тиесілі. Осы көшбасшы екі жүйенің әрқайсысының ғаламтордағы есеп айырысуға арнап шығарған виртуалды карталары бар. Олары Visa Virtuon мен MasterCard Virtual.

2. Төлем картаны шығаратын банкті таңдау

Банкілердің сайттарына кіріп, төлем карталары туралы беттерін оқып, бағалары мен шарттарын салыстырып таңдау жасаған жөн болады. Ең басты назар аударуға тұрарлық нәрселер:

- картаны шығару мен бір жылғы сүйемелдеуі үшін алынатын сыйақы;

- карта шотына ақша салғандағы алынатын сыйақы;

- картадан ғаламторда ақша жұмсалғанда алынатын сыйақы;

- интернет-банкинг, яғни үйде отырып-ақ карт-шотымды тексеру мүмкіндігі;

3. Төлем картасын ашу.

Өзіңізге ыңғайлы әрі тиімді банкты таңдап болғасын, құжаттарыңызды алып жақын маңдағы орталыққа барыңыз. Карта ашу үшін кез келген банкінің талап ететін құжаты екеу ғана – жеке куәлік пен СТН (РНН). Менеджердің нұсқауымен барлық амал-шарттарды орындап болғасын, шамамен 10 күндей күтуіңізге тура келеді.

Оы орайда алдын ала Қазақстанға алып келуге болатын тауарлардың тізімімен танысып алуыңызды ұсынамыз. Бұл тізімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 9 наурызындағы №217 Қаулысынан оқып біле аласыздар. Қазақстан шекарасынан жеке адамдарға алып өтуге болатын заттардың мөлшері белгіленген лимиттен аспауы керек.

Мәселен атауы, өлшемі мен фасоны бірдей жаңа заттар үшін:

♦ Киім-кешек - 2 дана;

♦ Бас киім - 2 дана;

♦ Аяқ-киім - 2 дана; тағысын-тағылар...

Осы тұста виртуалды төлем картаға қатысты екі ережені айта кетейік:

- Карта мәліметтерін ешқашан ешкімге айтуға болмайды. Басқа, әсіресе бірінші рет кіріп тұрған сайтарда карта қолданған кезде өте сақ болған жөн. Мүмкіндігінше мұндай сайттарда картаңызды мүлде тіркемей, уақытша карта пайдалану керек.

Картада ақша сақтамаған жөн. Тек төлем жасардың алдында ғана қажетті соманы салып, оны тез жұмсай салу керек. Бұл түрлі алаяқтардан сақтанудың оңай жолы.

4. Содан соң карта банкіңіздің сайтына кіріп, интернет-банкинг жүйесіне тіркелуіңіз қажет. Тіркелу процесі мен алгоритмі туралы сайттан оқып білуге болады.

5. Ары қарай PayPal жүйесіне тіркелу керек. Бұл - электронды есеп-айырысуда ең кең таралып, ыңғайлылығы мен сенімділігі  басқаларға үлгі болып отырған онлайн төлем жүйесі. 

PayPal-дың қолданушыларына беретін мүмкіндіктері мен көрсететін қызмет түрлері мемлекетке қарай ерекшеленіп отырады. Айталық, Қазақстан азаматтары үшін тек ең негізгі, қарапайым мүмкіндіктер ашық:

- тек төлем жасау (яғни, ақша қабылдай алмаймыз);

- төлем картасын тіркеу (барлық төлемдер карта арқылы жасалады);

- сатушы қайтарған ақшаны қабылдап алу (Refund);

- сатушымен келіспеген жағдайда «диспут» ашу;

6. Барлық қадамдарды мұқият орындап болған соң, eBay аукционына тіркелуіңіз керек. Тіркелу барысында eBay-дағы аккаунтыңызды PayPal-дағы аккаунтыңызбен байланыстырасыз. Болашақта бәссаудадан тауар алған кезіңізде осы жүйе арқылы есеп айырысатын боласыз.

Консультант: Мәлік Аязов

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: news.mail.ru

3286 3
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 09 қараша 2012, 16:30
Пікірлер
+0
09 қараша 2012, 17:43

Қазіргі күнге ең қажетті ақпарат екен, интернет саудасының күні өсейін деп тұр

+0
10 қараша 2012, 12:51

жақсы ақпарат!

+0
12 қараша 2012, 08:12

ақпарат үшін рахмет сіздерге

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...