Дана Мақанбаева – Қызға тілек

Қазір қыз ұзату тойында ұзатылар қызды сән-салтанатымен, түрлі креативті әдіспен шығарып салу да бәсекеге айналды. Барлық тойда қайталана беретін "Қызыма", "Ақ ботам" әндерінің қатары тағы бір әуенмен толықты. Орындаушысы – Дана Мақанбаева. Бейнебаянда арудың ақ боз атты ханзадасын кездестіріп, қонақ болған әкесінің үйінен ұзатылып шығуы көрсетіледі. Клип жанға жылу сыйлайды.