Ерсұлтан Адырбек - Тəттісің еркем

Кез келген ару бойдақ жігіттің назарынан тыс қалмайтыны рас. Барлығына зер салып, кейде армандап алатын ер азаматтар өздерінің қосағын тапқанша кез-келген мекеннен болашақ жарын іздеп, әдемі арулармен танысудың орайын күтіп жүреді. Бір көргеннен келбетімен баурап алатын бойжеткендердің өздеріне қаншалықты сай екені жақын араласқаннан кейін біліне бастайды. Жас әнші Ерсұлтан Адырбектің "Тəттісің еркем" атты жаңа бейнебаянында, әнші көшеде көзіне түскен сұлумен талай керемет қызықтарды қиялдай бастайды. Соңында мұның барлығы жай ғана елес екеніне көзі жетіп өз жолымен кете береді.