I-dos. 3-дәріс (Принтерді баптау)

I-dos. 3-дәріс (Принтерді баптау)

Өткен 4 күн демалыстан есін енді ғана жиып, не жұмысқа, не оқуға кірісіп жатқан ардақты да аяулы Массагеттік оқырман! Араға уақыт салып сізбен қайта қауышқынымызға қуаныштымыз. Өткен апталарда бастаған онлайн дәрістерімізді жалғастырамыз. 

Сонымен сіз бен біз болып принтер баптаулары туралы ақпарат алмасып, білімдерімізді толықтырып көрелік. 

Принтер - қағаз басып шығаруға арналған компьютердің қосымша құрылғысы. Басқаша айтсақ, біздің жазған барлық жазбаларымызды қағаз бетіне түсіруге арналған құрал. Ең алдымен бұл принтерді орнатып, жұмысқа қабілетті күйге түсіру керек екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан осы аспапты компьютерге орнату туралы сөз қозғаймыз. 

Тап қазір біз Windows7 опреациялық жүйесінде жұмыс істеп отырмыз. Сіздің компьютеріңізде осы жүйе немесе Windows XP жүйесі орнатылған болуы мүмкін. Қалай болғанда да орнату жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы шамалы. (Операциялық жүйе туралы алдағы уақытта түсінікті етіп бір жазба арнайтын боламыз).

Сонымен, бастайық. Ең алдымен принтер атты құрылғыны тоққа қосуымыз керек. Содан соң арнайы шнур арқылы компьютер мен принтерді байланыстырып жалғаймыз. Ол шнур принтер қорабының ішінде міндетті болады. Компьютерге қосатын тетікті көлеміне қарай тауып аласыз. Бірақ соңғы шығып жүрген принтерлердің шнуры кәдімгі біз қолданып жүрген флешканың(USB) формасындай болады.

Осылардың барлығы дайын болған соң, орнатуға кірісеміз. Алдыңғы жазбаларымызда айтқандай, компьютердің кез келген қосымша құрылғыларының баптаулары "панель управления"(басқару панелі) деген жерде сақталады. Экранның төменгі сол жақ бөлігіндегі "Пуск" батырмасы арқылы сол жерге өтеміз.

1

2

Көріп отырғандарыңыздай, басқару панеліндегі "Устройства и принтеры" деген бөлімге кіреміз. Әрі қарай...

3

Осы бөлімнің терезі ашылады. Терезенің жоғарғы жағында "Установка принтера" деген батырманы басуымыз керек. Яғни, принтер орнату деген сөз. Жаңа терезе ашылады...

4

Алғашқы тұрған "Добавить локальный принтер" деген жерді таңдаймыз. (Сетевой(желілік) принтер туралы алдағы уақытта айтып, жазба аранаймыз). Локальный сөзінің мағынасы - тек осы компьютерге қатысты принтер орнату деген сөз. Яғни қағазды тек бір ғана компьютер арқылы басып шығаруға болады. Түсінгендеріңіздей, бір принтерді бірнеше компьютерге ортақ қылып орнатуға болады.

Әрі қарай...

5

Бізден принтердің портын сұрап отыр. Қарапайым тілмен айтсақ, принтердің шнуры компьютердің қай тесігіне тығулы тұр деген сөз. Әдетте, принтердің порты "LPT" деп белгіленеді. "Далее" батырмасын басып, әрі қарай жылжимыз...

6

Енді принтердің моделін сұрап тұр. Принтеріміздің атына қарай таңдау жасап, "далее" батырмасын басып әрі қарай жүреміз..

7Принтер драйверы дегеніміз - принтердің қалыпты жұмыс істеп тұруы үшін орнатылатын қосымша проограмма. Әдетте, барлық драйверлер операциялық жүйемен бірге орнатылады,басқаша айтсақ, компьютеріңізде әу бастан-ақ бар деген сөз. Алғашқы сөйлемді белгі қою арқылы таңдап, әрі қарай жүреміз...

8

Барлық ақпаратты бір тексеріп, ары қарай жылжимыз...

9

Принтер орнатылды. 

10"Печать пробной страницы" батырмасын басу арқылы арқылы тексеру мақсатында бір парақ басып шығарып көріңіз. "Готово" батырмасын басу арқылы орнату жұмысын аяқтап, бір шай ішіп келсеңіз болады. Келесі дәрісте, қағазды басып шығарудың түрлі айла-әдістері туралы сөз қозғайтын боламыз. Егер қосымша сұрақтарыңыз болса, төмендегі пікір жазу алаңында қалдырсаңыз болады. Келесі кездескенше!