Өшірілген құжатты қалай қайтарамын? 2-бөлім

Өшірілген құжатты қалай қайтарамын? 2-бөлім

Бүгінгі таңда адам  қажеттілігі үшін компьютердің алатын орны ерекше екені мәлім. Күнделікті жұмыста немесе қолданыста компьютерсіз тіршілікті елестету мүмкін емес. Кейде сол компьютермен жұмыс барысында құнды дүниемізді, керек емес деп ойлаған құжатымызды жойып жіберіп, соңынан өкініп жататын жайымыз бар. Ал сіз білесіз бе? Сол жойылған құжаттарды қалпына келтіруге болады. Оның тағы бір жолы мынау.

"Recuva" бағдарламасының көмегімен жойылған құжаттарыңызды (құжат, фотобейне, видео, әуен т.б.) қалпына келтіріп, көптілді интерфейс пен жылдам іздеуді өз қажетіңізге жаратуға болады. Бағдарлама іске қосылып, сканерлеу аяқталғаннан кейін, жойылған құжаттарыңызбен қайта қауышасыз.

Сонымен қатар Hetman Partition Recovery арқылы да жойылған құжаттарыңызды қалпына келтіруге болады.

Бағдарлама:

*Қатқыл дискіден файлдар мен ақпараттарды;

*Флеш-дискіден (флешка);

*Бұзылған CD және DVD дискілерден файлдарды;

*Сандық фотоапараттардан жойылған файлдарды;

*Ұялы телефон және SIM картадан жойылған файлдарды (контактілерді)

*ICQ парольдері

*Архив парольдері

*Әртүрлі құжаттар паролін

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ көмектеседі.

Автор: Фараби Арыстанбек

сурет:apostiluz.com 

Л. Лига