Өмірімнің бәрі өлең. Жігіттер, демалайық тауға барып

Ол - таулық, тау ұлы, тау оның дара тұлғасы, дәу бесігі. Тауды ол аңызға, дастанға, тоқтап қалған керуенге, Ана-Жердің төсіне жармасқан алып сәбиге теңейді. Оның өлеңдерінде тауға деген ерекше ықылас, құрмет, махаббат бар. Оны таудан, тауды одан бөліп қарастыруға болмас. Екеуі егіз ұғым. Назарларыңызға тау тұлғалы ақын Мұқағали Мақатаевтың "Жігіттер, демалайық тауға барып" атты өлеңіне түсірілген видеоны ұсынамыз.