Өмірімнің бәрі өлең. Арнайы шығарылым: "Бақыт біздің қолымызда"

"Өмірімнің бәрі өлең" айдарының арнайы шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл жолғы видеомыздың өзгешелігі – өлеңді кадр сыртындағы адам емес, видеодағы кейіпкерлердің өздері оқиды. "Бақыт біздің қолымызда" деп аталатын ғашықтар диалогын жас ақын Нұртас Тұрғанбекұлы жазған, ал видеоны режиссер Ермек Закария түсірді. Өлеңді оқыған – екі жас Ернар Алмабек пен Жазира Байдалы.