«Кейптаун» рұқсат коды

«Кейптаун» рұқсат коды

Осы аптада кинотеатрларда Дэвид Гуггенхеймнің шығармасына негізделген «Кейптаун» рұқсат коды киносының көрсетілімі басталды.

Бұл кинода басты рольде АҚШ-тың орталық барлау мекемесінің белді мүшесі Мэтт Уэстон есімді жігіт ойнайды. Кейптаун қаласында  болашақ жарымен өмір сүретін оның жалғыз арманы - сүйгенімен Парижге көшіп кету болатын. Киноның алғашқы уақыттарында жыл бойы орталықтан тапсырма күтіп жалыққан Мэттің өмірі бейнеленеді, бұл сюжет киноны көріп отырған адамның өзін жалықтырып жібереді. 

 Бірақ бұл демалыс ұзаққа созылмады. Кейптаунға бүкіл әлемнің барлау мекемелерінің іздестіруінде жүрген Тобин Фростың келгені туралы хабар түседі. Тобин Фрост барлау мекемесінің ақпаратын сатумен айналысатын сатқын. Кино барысында Дензел Вашингтон өзінің тағы да нағыз актер екендігін дәлелдей алды.

Кейптаундағы мекемеге жеткізілген Тобин өте ауыр тергеуге түседі. Тобинге қызығып, көзі түсіп жүргендер де аз емес. Себебі Тобинде жергілікті қарақшыларға қажетті өте құнды құжаттар бар болатын. Қарақшылар болса, тергеу уақытында, істің соңына жеткізбей  мекемеге кіріп келеді. Бірақ біздің жігіт Мэтт осал емес, ол Тобинді өзімен бірге алып қашады. Ал енді ол Тобинді орталық барлау мекемесіне жеткізуі тиіс. Бірақ бұл іс біздің кейіпкерімізге оңайға түсе ме екен? Артында қарақшылар, жанында болса, оңайлықпен беріле қоймайтын сатқын. Киноның бұл мезеттері асқан шеберлікпен бейнелен...

Білер болсаңыз, Тобин Фрост сатқын атанғанға дейін, бүкіл барлау мекемесінің істерін бастан-аяқ өзі өзгерткен ақылды адам ретінде көрінеді. Мекемеде адамдардың тілін табуда оған жететін жан болмаған. Бірақ оның тура жолдан таюына кім себепкер болды екен? Бұл сұраққа толық жауапты кинодан ала аласыздар.

Режиссер Дэниэл Эспиноза терең ойға жетелейтін шытырман оқиғаларға толы кино түсіре білген. Бүгінге дейін онша қызықты емес аз ғана кинолары болса да, бұл кино оның үлкен тәжірибеге ие болғандығын көрсетеді.  Киноның дыбыс эффектілері, көліктердің бірін-бірі қуған сәттері мен төбелес бөлімдері өте шынайы келтірілген.

Қорытындылайтын болсақ, «Кейптаун» рұқсат коды киносы танымал актерлердің актерлік шеберлігін жаңа қырынан паш ететін қызықты сюжеттерге толы боевик.

Суреттер www.imdb.com сайтынан алынған

Форумда талқылау

a. aaa