"Бота" қоғамдық қорының білім гранттары

"Бота" қоғамдық қорының білім гранттары

2012-2013 жылдық "БОТА" қоғамдық қорының  білім гранттары бағдарламасы бойынша, 29 жасқа дейінгі оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ жастарға Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында  білім алу мүмкіндігін ұсынады.

Бағдарламаға қатысу мүмкіндігін төмендегі талаптарға сай келетін үміткерлер шақырылады:
* 11-сынып және орта мектеп түлектері сонымен қатар оқу мерзімі екі жылдық колледждерге алғаш рет түсетін талапкерлер. 
* Қазақстан ЖОО-ларының 3 немесе 4 курстардың ақылы бөлімінде білім алатын, үлгерімі жақсы бірақ оқу құнын төлеу мүмкіндігі шектеулі студенттер (күндізгі бөлімі, бакалавриат);
* Қазақстан ЖОО-ларында 3, 4 курстарында оқитын, үлгерімі жақсы, бірақ 2010-2011 ж.ж. қаражат мәселері бойынша оқудан шығарылған студенттер ( күндізгі бөлімі, бакалавриат);

Байқауға қатысу сұранымдары 2012 жыл 20 ақпан -13 сәуір аралығы қабылданады.

2012-2013 жылдық оқу мерзіміне тағайындалатын грант саны: 125

Толық ақпаратты мына жерден білуге болады.

Электрондық мекенжай: mail@bota.kz
Tегін байланыс желісі: 8-800-080-58-08 
Ақылы халықаралық байланыс: 8 (727) 264 34 87

Форумда талқылау

Сурет entquick.kz сайтынан алынған

Ж. FM