Google мен Facebook бақылауға алынады

Google мен Facebook бақылауға алынады

"Wikileaks" сайтымен болған дау-жанжал жағдайды басынан кешірген АҚШ басшылығы, енді әлеуметтік желілерді реттемек ойы бар. АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі интернет-қолданушылардың жеке ақпараттарын қорғауға жол беретін заң қабылдау туралы ұсыныс білдіріп жатыр" - деп хабарлайды Bloomberg.

Қабылданатын заң АҚШ басшылығына Google мен Facebook сияқты компаниялардың жүріс-тұрысын қадағалауына жаңа, кеңейтілген мүмкіндік береді. Обаманың сөзіне сенсек, АҚШ азаматтары өздерінің жеке ақпараттарының ғаламторда қалайша қолданылып жатқанын бақылай алады. Жаңа заң қорғаныс шараларының 7 түрін қамтиды. Атап айтқанда, қолданушылар команияларға қандай ақпарат түсетіні және олардың қалайша қолданылып жатқанын бақылай алады. Өз кезегінде, компаниялар қолданушыны ақпарат қауіпсіздігімен қамтамасыз етуі тиіс. Бұған қоса, жаңа заң компанияларға қолданушылардың жеке ақпарат көлеміне қол жеткізуіне шектеу қояды.

Естеріңізге сала кетсек, ертеректе тура осындай мәселені Еуроодақ көтерген болатын.

Бұл АҚШ басшылығының әлеуметтік желілерді қоғамнан шектетіп, олардың көмегімен бассыздықтарды ұйымдастыру мен жүзеге асырудан алыстатудың алғашқы қадамына ұқсап тұрса керек. Әдеттегідей, АҚШ басшылығы "демократиялық еркіндік пен қарапайым жұрттың қамын ойлап жүрміз" деген ұранды ұстанып жатса керек. Өмір алда, не боларын көре жатармыз. Ал әзірге, достарымызбен қазақ тілді әлеуметтік желілерде араласып, олардың дамуына үлесімізді қосайық. Біздің ең басты мақсатымыз туған тіліміздің дамытып, оның өркендеуіне жаңа мүмкіндіктер ашу.

Сурет thenextweb.com сайтынан

Форумда талқылау