"ЦСКА"-"Реал": 1-1

"ЦСКА"-"Реал": 1-1

Кеше чемпиондар Лиасы аясында 1/8 кезеңде мәскеулік "ЦСКА" мен Мардридтің "Реалы" жасыл алаңға шығып, терезесі тең ойын көрсетті. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайтында жарияланды.

"Лужники" спорттық аренасында өткен тартысты кездесуде екі команданың аяқдопшылары терезесі тең ойын көрсетіп, матч 1:1 есеппен аяқталды. Бұл кездесудің 28 минутында есепті бірінші болып "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду ашты.

"ЦСКА"-ның футболшылары таразы басын негізгі уақытқа қосылған қосымша минутта теңестіріп, өз жанкүйерлерін сәл болса да жұбатқандай болды. Бұл кездесудегі таразы басын теңестірген голды "ЦСКА"-ның жартылай қорғаушысы Понтус Вернблум салды. Екі команда арасындағы жауапты кездесу 14 наурыз күні Мадрид қаласында өтпек. 

Сурет: РИА Новости©

Форумда талқылау