Болашақ мамандығыңды ақылмен таңда!

Болашақ мамандығыңды ақылмен таңда!

ҰБТ тапсырмастан бұрын, яғни қазірден бастап қалаған мамандығың бойынша грант иелену мүмкіндігіңді анықта. Өз мүмкіндігіңді айқын бағалай білу арманыңдағы мамандықты таңдауға септігін тигізеді. 

I. Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс.

  Бұл ең сауатты шешім. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғың келетінін ойлан!

Мамандық таңдай алмау проблемасына келіп тоқталсаң, өзіңе мынадай сұрақтарға жауап беруге тырыс:

1. Маған немен айналысқан ұнайды?

2. Өзіңнің есейіп 25 жасқа келгеніңді елестет: Не істеп жүргеніңді... Қандай іс атқарып жатқаныңды... Атқарып жатқан жұмысың өзіңе ұнай ма? Жұмысың өзіңе немесе айналадағы адамдарға пайдасы бар ма? Осы сұрақтарға мұқият ойлан

Себебі мамандық таңдау - ол өмірлік таңдау. Өзіңнің қай салада қабілеттілігіңнің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.

II. Қызықтырған мамандықтарыңның тізімін жаса.

ҰБТ бойынша мамандықтар тізімін ашып, бесінші пәнді есепке ала отырып қалаған мамандықтар тізімін жазып ал.

III. Таңдаған мамандықтар бойынша гранқа түсу өту баллдарын анықта.

Ол үшін 2011 жылғы грант тағайындау конкрусының нәтижелерін көр.

ҰБТ бойынша гранқа түсу баллдарын қалай анықтауға болады?:

1. 2011 жылғы грантқа түсу өту баллдарын жүкте.

2. Егер күндізгі бөлімде оқымақ болсаң "күндізгі бөлім" доументін аш.
Дәл сол тізімде жеңілдертері болмаған (Алтын Белгі иегерлері, олимпиада жеңімпаздары, спорт жарыстарының жеңімпаздары еместер) талапкерлердің өту баллдары көрсетілген. Сондықтан осы баллдарға қарап бір түйінге кел.

3. CNTRL+F функциясын қолданып қызықтырған мамандығыңды оңай тап.

Өз кестеңе қызықтырған мамандық бойынша ең миниалды және мақсималды өту баллдарын жазып ал.

Назар аударыңыз: 

1. Әрбір мамандық қазақ және орыс бөлімдеріне бөлінеді сондықтан тілдік бөлімдер бойынша өту баллы өзгеше болуы мүмкін. Грант тілдік бөлімге сәйкес тағайындалады сол себепті де оқымақ болған тілдік бөлім бойынша өту баллдарын жазып ал.

2. Бір мамандық бойынша әр университетте әртүрлі өту балдары болуы мүмкін! Негізі өту балдарын барлық оқу орындарына бірдей қылып береді. Дегенмен өту балы жеке ЖОО бойынша берілуі де ықтимал. Ал егер де Қай ЖОО түсетініңді анықтап қойсаң және сол университетке жеке өту балдары көрсетілген болса, дәл сол балдарды жазып ал.

IV. Түйін шығар!

Міне енді жасаған кестеңнің пайдасы тиетін болады!

Грантқа түсу ықтималдығына талдау жасаңыз!

Енді сен грантқа түсу үшін ҰБТ байқау сынақтарында қанша балл алу керектігін білесің! Қолыңда карта болғанда қайда бару керегін жеңіл табуға болады.

Грантқа өтініш жазу барысында саған 4 мамандық таңдау мүмкіндігі беріледі. Қазірден бастап сол 4 мамандықты анықтап алуға тырыс.

1. Бірінші, жаныңа ең жақын мамандықты жаз. Ойыңдағы мамандық талап етілетін балдар байқау сынақтарында алған балдарыңнан жоғары болады.

2. Екінші, маңыздырақ болған мамандықты таңда,  бірақ мамандықтың минималды өту баллы сенің балыңмен бірдей немесе сәл төмен болсын. 

3. Үшінші, бұл тізімге 100 пайыз түсетін мамандықты жазуға тырыс. Сенің баладарың минималды өту балынан әлдеқайда жоғары болуы тиіс.

4. Төртінші, соңғы мамандықты үшінші тізім принципі бойынша таңда.  

Егер сенде ауыл квотасын иелену құқығы бар болса, онда 3 және 4 тізімдегі мамандықтарды ауыл квотасы тізімінен таңда.

Минималды өту баллынан ҰБТ нәтижең жоғары болғаны сенің грантқа түсу мүмкіндігіңді арттырады.

Ал егер де "Алтын белгі" иегері болсаң, онда сенде қалаған мамандыққа түсу мүмкіндігі өте жоғары. Себебі ең алдымен гранттар "Алтын белгі" иегерлері арасында конкурсқа түседі.

Егер сен ҰБТ емтиханынан  төмен балл алған болсаң, радиотехника, электроника және телекоммуникация секілді жоғары бәсекелестігі бар мамандықтарды таңдамағаның лазым. Ең дұрысы Құрылыс секілді грант көп бөлінетін мамандыққа тапсырғаның жөн.

V. Өзіңнің қалаған мамандығыңа жететін балл жинамағанша дайындал, ҰБТ сынақ тесттерін жаса....

Сәттілік!

Форумда талқылау

Сурет college-pokrovsk.ru сайтынан алынған
 


Ж. FM