Винокуров Олимпиадаға бармайды

Винокуров Олимпиадаға бармайды

"Төрт жылда бір рет болатын Олимпиада ойындары биыл жазда Лондон қаласында өтпек. Өкінішке орай, "Астана" командасының велошабандозы Александр Винокуров бұл жарысқа қатыспайды," - деп хабарлайды Cyclingnews.com сайты.

"Қазақстанның тек екі жолдамасы ғана бар. Олимпиада ойындарында жеңіске 8-10 спортшы ұмтылатындықтан, мен біреудің орнын алғым келмейді. Біз мүмкіндіктерімізге қарауымыз қажет. Меніңше, қазір мен бұған дайын емеспін", - деді велошабандоз.

Винокуров өз спорттық мансабын 2012 жылы бітіретінін тағы бір рет айта кеткен: "Егер де, бәрі ойдағыдай болса, мен "Джиро д'Италия" мен "Тур де Франсқа" қатысамын. Бұл әдемі нүкте болады". Ертеректе Винокуровтың Олимпиада ойындарына қатысатыны жайлы мәлімет таратылған болатын. Бұл жарыс велошабандоз үшін соңғы ірі байқау болуы керек еді.

Қазіргі таңда "Астананың" құрамында өнер көрсетіп жүрген Винокуров "Туре Лангкави" жарысына қатысып жатыр. Алты кезеңнен кейін Александр Винокуров жарыс көсбасшысы Хосе Серпадан 21 минут 37 секунд артта қалып, басты классификацияда тек 63 орынға ғана ие. "Астананың" ең жақсы көрсеткіші Александр Дьяченконың еншісінде. Ол Хосе Серпадан 2 минут 30 секунд уақыт артта қалып, төртінші нәтиже көрсетуде. Жарыс наурыздың 4 күні аяқталады.

Сурет  ©Ярослав Радловский

Форумда талқылау