"Шыршалар" - ғажайыпқа толы хикая

"Шыршалар" - ғажайыпқа толы хикая

Тимур Бекмамбетовтың «Елки» киноальманахы 2010 жылдың 16 желтоқсанында жарыққа шықты. Ресейдің Калининград, Казань, Перьм, Уфа, Бавлы, Екатеринбург, Краснояк, Якутск, Новосибирск, Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларында бір күнде, яғни 31 желтоқсанда өтетін оқиғалар бір-бірімен тығыз байланысты.


Фильм сюжеті бойынша Калининград қаласында орналасқан балалар үйінің тәрбиеленушісі Варя өз достарына әкесінің президент екенін айтады. Оның сөзіне күмәнданған достары оған «әкесінің» құттықтау сөзінде белгілі бір сөздерді қолдануын талап етеді. Варяға досы Вова көмекке келіп, оған алты рет қол алмасу теориясы туралы айтады. Теория бойынша жер бетіндегі әрбір азамат өзінің әр алты танысы арқылы басқа жанды біледі.

Комедияның басты кейіпкерлері такси жүргізушісі мен танымал әнші, студент пен зейнеткер кейуана, өрт сөндіруші мен директор ханым, ұры мен милиция қызметкері, гастарбайтер мен Ресей Президенті келеңсіз жағдайға тап болып, одан шығу үшін таңғаларлық кереметті күтіп, алты рет қол алмасу теориясына жүгінеді.



Фильмге Марина Шубина, Иван Ургант, Елена Плаксина, Галина Данилова, Мария Порошина, Александр Головин, Алина Булынко т.с.с. киноактерлерімен қатар, әнші Вера Брежнева, тележүргізуші Сергей Светлаков, ғаламторда кеңінен танылған Баймұрат Аллабердиев түскен. Кадр сыртында оқиға желісін Константин Хабенский баяндайды.


2011 жылдың 15 желтоқсанында фильм авторлары көрермен қауымға «Елки-2» фильмін ұсынды.


Қызықты мәліметтер:

  • Фильмде Ресей президенті Дмитрий Медведевтің 2009-2010 жылдары айтылған құттықтау сөздері қолданылады.
  • Алғашқы демалыс күндері фильм 6,8 миллион доллар пайда тапты. Фильмнің жалпы табысы 22 772 019 долларды құрады.
  • 2011 жылдың 13 қаңтарында фильм DVD нұсқада 2 басылым болып шықты. Бірінде прокатқа шыққан фильм болса, екінші шыққан басылымда қосымша фильмге енбеген кадрлар мен қызықты ленталар жазылған.
  • Тимур Бекмамбетовтен басқа фильмді түсіруге Александр Войтинский, Дмитрий Киселев, Александр Андрющенко, Ярослав Чеважский, Игнас Йонинас сынды режиссерлер жұмылдырылды.

Суреттер Ғаламтор беттерінен алынды

Ғ. Ұзақ