Жаңа технология. Жүргізушіні "жұмсақ" жерінен тану

Жаңа технология. Жүргізушіні "жұмсақ" жерінен тану

Қазіргі таңда көліктерді айдап әкетуге қарсы бағытталған қауіпсіздік жүйелердің біршамасы саусақтың ізін тану процессі негізінде құрастырылады. Бірақ келешекте олардың қажеті шамалы болмақ. Келешекте жапондық өнертапқыштар  жүргізушіні «жұмсақ» жерінен танитын технологияны енгізбек.

Бұл технологияны іске асыру үшін жапондық ақылгөйлер жүргізушінің орындығына 360 қысым датчиктерін енгізбек. Осы датчиктер адам салмағын, орындық пен сенсорлардың арасындағы түйісетін ауданы мен оның формасы, құрылғыға түсіретін күш секілді ақпаратты есептеп, көліктің оталуына, не оталмауына «бұйрық» береді. Жоба авторларының пайымдауынша, әр адамның «жұмсақ» жерінің кескіні ерекше. Көлікте орнатылған компьютер орындыққа көлік иесі, оның әйелі, баласы әлде бейтаныс біреу отырғанын бірден анықтай алады.

Қазір осы технологияның дәлдігі 99%-ды құрап отыр. Бір жағынан қарасақ, бұл таңғалдырарлық көрсеткіш, ал екінші жағынан қарасақ, 50 отырыстың 1-і қозғалтқыштың оталуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан, жоба авторларына бұл технологияны одан әрі дамытуына тура келеді.

Бұған қоса, адам салмағының өзгерісі, жүргізуші қысқы киім киіп алу сынды қарапайым жағдайларға жүйе қалай «жауап» қайтаратыны белгісіз. Бірақ, өнертапқыштар бұл технологиядан бас тартпай жатыр. «Келешекте осындай технология көліктердің бәріне орнатылады»- деп халықты сендіруде.

Форумда талқылайық.

Суреттер popmech.ru сайтынан