Windows 10 келесі жылдың ортасында шығады

Windows 10 келесі жылдың ортасында шығады

Microsoft Windows 8 жүйесіне қатысты тұтынушылардың наразылығынан кейін біршама шығынға ұшырағаны белгілі. Сондықтан, компания басшылығы маркетингтік жүріс жасап, әр жобаның алдын-ала толық таныстырылымын ұйымдастыруды қолға алып отыр.

Қазірдің өзінде, Windows 9 оперативті жүйесі тұтынуға берілмей жатып, Microsoft бағдарламашылары Windows 10 нұсқасын таныстыруды бастап жіберді.

YouTube видеохостингінде жарияланған мына видеода ОС Windows жобалаушысы және дизайн командасының кеңесшісі Джо Бельфиор негізгі өзгерістер мен жаңа фунцкияларды түсіндіреді. Джоның айтуынша, тұтынушылардың негізгі сұранысына орай Windows оперативті жүйесіне «Пуск» меню қызметі қайта қосылатын болады.

Айта кетелік, Windows 10 оперативті жүйесі нарыққа 2015 жылдың орта шеніне қарай шығады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.neowin.net

Ж. Өрісбай