Windows 9 жүйесін қондыру тегін болады

Windows 9 жүйесін қондыру тегін болады

Үстіміздегі жылдың маусым айында Microsoft компаниясының Windows 9 оперативті жүйесінің тегін берілетіні туралы расталмаған ақпарат таратылған болатын. Windows 9 графикалық құрылымының расымен тегін болатынын компанияның Индонезиядағы өкілі хабарлады. Ал жаңа платформаның экран алды суреттері ғаламтор беттерінде таралып кетті.

Neowin басылымының хабарлауынша, Microsoft компаниясының Индонезия еліндегі бөлімшесінің президенті Андреас Дианторо Windows оперативті жүйесінің ендігі нұсқасын тегін жаңартылатынын айтқан. Бұл тұтынушыларды Windows-тың жолы болмаған нұсқасынан жаңа қолайлы нұсқаға көшіру мақсатында жасалынып жатыр екен. Тегін жаңарту оперативті жүйенің ескі нұсқасын қолданып жүрген барлық тұтынушыларды өзіне тартуға сеп бола алатынын компания ескеріп отыр.

Оперативті жүйенің мобильді нұсқаларын да қондыру толығымен тегін болады. Себебі, егер компания жаңа нұсқаның үдерісін күрделендіретін болса, оның бұрынғы тұтынушылары басқа платформаға ауысып кетуі мүмкін. Компанияның алаңдап отырғаны осы болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Microsoft өзінің жаңартылған оперативті жүйесін жылдың соңына қарай Сан-Франциско қаласында өтетін арнайы таныстыру кезінде қолданысқа енгізетін болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.neowin.net

Ж. Өрісбай