Blackberry Porsche компаниясымен біріге смартфон шығарды

Blackberry Porsche компаниясымен біріге смартфон шығарды

Канадалық смартфондар өндірісімен айналысатын BlackBerry компаниясы белгілі автомобиль бренді болатын Porsche-мен біріккен күйде жасаған жаңа смартфонының алғашқы моделін ұсынды. Porsche Design P’9983 деген күрделі атауға ие аппарат ерекше дизайн және корпуспен көмкерілген.

Расында, жаңа гаджеттің техникалық жағы сыртқы пішініне сай үлгі бере алмаған. Аталған құрылғы 3,1 дюймді экранмен жабдықталған. Сонымен қатар, Qualcomm Snapdragon S4 (MSM8960) процессоры негізінде жұмыс істейді.

Одан бөлек, гаджет 8-мегапиксельді негізгі және 2-мегапиксельді қосымша камералармен жабдықталған. Тағы да мінездемесін толықтыра кетсек, сымсыз Wi-Fi, Bluetooth 4.0, GPS және NFC қызметтері ұсынылған. Оперативті жадысы 2 Гбайтты құрайды. Ал қосалқы жадысы 64 Гбайтпен шектелген.

Смартфонның бағдарламалық қызметі ретінде BlackBerry 10.3 операциялық жүйесімен қамтылған. Салмағы - 140 грамм. Бастысы LTE (4G) көлемінде жұмыс істеу қабілетіне ие.

BlackBerry Porsche Design P'9983 моделінің сатылымға шығу кезеңі 2014 жылдың қазан айына жоспарланып отыр. Дегенмен, жаңа гаджеттің бағасы әзірге жарияланбады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.ru-iphone.com

Ж. Өрісбай