Asus смарт сағаттың өзіндік нұсқасын шығарады (видео)

Asus смарт сағаттың өзіндік нұсқасын шығарады (видео)

Asus алғашқы смарт сағатының тизерін жариялады. Ал гаджеттің ресми көрсетілімі IFA 2014 көрмесінде өтеді. Смарт сағаттың атауы - Asus ZenWatch.

Жарияланған видеодағы ақпаратқа орай, сағат біршама дөңес дисплейге және металды корпусқа ие болады. Сонымен қатар, ZenWatch сағаты Android Wear платформасына қондырылған.

Asus ZenWatch смарт сағатын 3 қыркүйекте Берлиндегі өзінің көрмесінде жалпы халыққа көрсетеді. Сағаттың құны $99-дан $149-ға дейін болады деп күтілуде. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: techno.bigmir.net

Ж. Өрісбай