InFocus ұсынған жоғары сапалы смартфон

InFocus ұсынған жоғары сапалы смартфон

АҚШ-тың электроника өндіруші InFocus компаниясы өзінің M810 флагманды смартфонын Тайваньда ұсынды, деп хабарлайды smartphones.findthebest.com сайты. Смартфон Apple-мен келісімге келіп, Ipad құрастырумен айналысып жүрген жергілікті Hon Hai Precision Industry Ко компаниясымен біріге жасап шығарылған.

InFocus M810 Qualcomm Snapdragon 801 төртядролы процессорының 2,5 ГГц нұсқасымен жабдықталған. Аппараттың оперативті жадысы 2 Гб, ал қосалқы MicroSD жадысы 16 Гб көлемді қамтиды.

 

 

Оның дисплейі 1920 х 1080 пиксельмен көрсететін 5,5 дюймді көлемге ие. Негізгі камерасы 13MP, алдыңғысы 5MP сапамен суретке түсіреді. Бар салмағы 156 грамм болып табылады.

Сонымен қатар, InFocus M810 жаңа флагманды смартфоны Тайваньдағы компанияның ресми онлайн-дүкендерінде 333 АҚШ доллары бағасымен сатуға шығарылған.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: smartphones.findthebest.com

Ж. Өрісбай