Зағип жандарға арналған телефон жасалды

Зағип жандарға арналған телефон жасалды

Дүние жүзі бойынша тұңғыш рет соқырлар жазуындағы телефон жасалды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас кеңсесі Лондон қаласында орналасқан OwnFone компаниясы жақында тұңғыш рет соқыр адамдарға арналған телефон жасап, нарыққа шығарғаны жайлы ақпарат таратты. Бұл телефонның алдыңғы және артқы беттеріндегі бөлшектерінің бәрі 3D басып шығару аппараты (3D-принтер) арқылы жасалған. Осыдан бұрын да соқырлар жазуындағы телефонды жасауға құлшынған мекемелер болса да, OwnFone компаниясындағылардың айтуынша, бұл телефон әлем бойынша тұңғыш рет ресми қолданысқа берілген соқырлар жазуы телефоны болып есептеледі екен. Соқырлар жазуын қолдануды білмейтін телефон қолданушыларына қарата компания батырмалы қалтафонды да жасап шыққан. Бұл телефон қазір Англияда сатылымда бар.

Телефонның нарықтағы құры 60 фунт стерлинг (19,000 теңге көлемінде) болып бекітілген. Телефонды ойлап табушы Том Сандерландтың айтуынша, аталған телефонның артқы және алдыңғы экран бөліктері 3D басу аппараттарымен жасалғандықтан, шығынды азайтқан. "Телефонды жасаудағы басты мақсатымыз – соқыр адамдардың да отбасы және дос-жарандарымен кедергісіз хабарласуына мүмкіндік беру және бұл қиыншылықты мүлде жеңу", - дейді Том Сандерланд.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: myownfone.com

M. Auelkhan