Қызықты қосымшалар: Swiss Army Knife - таптырмас мүмкіндіктері бар қосымша (Android үшін)

Қызықты қосымшалар: Swiss Army Knife - таптырмас мүмкіндіктері бар қосымша (Android үшін)

Қызықты қосымшалар сериясындағы бүгінгі материалымыз Swiss Army Knife (Android үшін) қосымшасына арналып отыр. Swiss Army Knife – смартфоныңыздың мүмкіндіктерін толықтыратын бірнеше қызмет түрлері мен таптырмас құрал-жабдықтарды бойына жинаған қосымша. Ол сіздің өміріңіздегі әрқилы сәттерде дер кезінде көмекке келе алатын өте пайдалы бағдарлама.   

Сонымен қосымша сізге не бере алады? Егер сіз аталған қосымшаны гаджетіңізге жүктеп алсаңыз, сізге келесі қызмет түрлері мен құрал-жабдықтар ұсынылатын болады: фонарик, таймер, секундомер, компас, калькулятор, айна, лупа және тағы басқалары.

12

Қосымша - қала сыртында болсаңыз немесе елсіз жерге саяхатқа шыққан кезде таптырмас құрал-жабдық.

34

4

Барлық құралдардың қызметтері қарапайым, қолданушыға түсінікті тілмен беріледі. Сондай-ақ қосымшада артық қызмет түрлері, күрделі арнайы эффектілер жоқ. Барлығы түсінікті, анық әрі оңай қолданылады. Қосымшаның интерфейсі де жаман емес, оны басқару да тым оңай.

Егер сізге Swiss Army Knife (Android үшін) қосымшасы ұнаған болса, оны төмендегі сілтемеге өтіп жүктеп алсаңыз болады:  

1

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: joshlinkner.com

Б. Қосмағамбет