Қызықты қосымшалар: Cross DJ Free (Android үшін)

Қызықты қосымшалар: Cross DJ Free (Android үшін)

Бүгіннен бастап біз сіздерге Android және iOS операциондық жүйесі (ОЖ) орнатылған гаджеттерге арналған қызықты қосымшалар (приложение) мен бағдарламаларды, сондай-ақ ойындарды таныстырып, олар жөнінде қысқаша кеңестерімізді бере кетпекпіз. Сонымен бүгінгі күннің қосымшасы Android ОЖ бар смартфондар мен планшеттерге арналған Cross DJ Frее деп аталады.

2

2

Cross DJ Free – Mix your music – музыкасыз өмірін елесте алмайтын жандарға арналған керемет DJ қосымша болып саналады. Бұл жерде сіз өзіңізді бір сәтке DJ ретінде толық сезіне аласыз. Мұндай атмосфераны сізге Cross DJ Free тудыра алады. Қосымша дыбыстарды тамаша синхрондай отырып, сізге позитивті көңіл күй сыйлайтынына сенімдіміз.

3

4

Сондай-ақ бұл қосымшаның сіздің құрылғыңыздағы музыка топтамасына қосылуға толық мүмкіндігі бар. Сіз ондағы диапазонды өз қолыңызбен реттей аласыз. Қосымшада музыкаңыздың дұрыс синхрондалып жатқанына көзіңізді жеткізу үшін Beat-тордың да бар екендігін айта кетейік. Интерфейсі жағынан да қызметтің барлық түрлері қарапайым етіп жасалынған әрі өте икемді.

5

Осындай мүмкіндігіңіз бар кезде музыкалық туындыларды өз қолыңызбен жасай отырып, оны достарыңызбен де бөлісе аласыз. Ал бастысы - Cross DJ Free қосымшасы Google Play Market онлайн дүкенінде сізге тегін беріледі.

Егер сізге біз айтқан қосымша ұнаған болса. оны мына сілтемеден жүктеп алуыңызға болады: 

7

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: play.google.com

Б. Қосмағамбет