Джобстың ұшағы Джонатан Айвқа қызмет етіп жүр

Джобстың ұшағы Джонатан Айвқа қызмет етіп жүр

Стив Джобс пен Джонни Айвтың айрылмас достығы туралы осыған дейін де көп жазылған болатын. Сол кездері, маркетингтің ас маманы өзінің жаңа гаджеттерін тәжірибесі жоқ, дегенмен, талабы жоғары жас дизайнерге сеніп тапсырған. Себебі Джонни Айвтің креативті ойлау қабілеті Apple компаниясына көп пайдасы тиетінін білетін. Ал Джонатан Айв та оның сенімін ақтап шықты.

Айв тіпті Стивтің жеке жобаларында да белсенділік танытқан. Айта кетсек, Стив Джобстың жеке ұшағының дизайнын жасауға басшылық еткен.

Business Week баспасының хабарлауынша, Apple компаниясының негізін қалаушы Джобс өмірден озғаннан кейін, оның джеті Джоннидің қызметіне өткен. Лорин Джобс ұшақты Джонниге біршама жеңілдікпен сатып жіберіпті.

"Ең болмағанда мен оны қайта өзгертіп, жаңартуыма қаржы жұмсамаймын. Себебі мен оның жасаушыларының бірі болғанмын", - деп күледі Джонатан Айв.

22 орынға ие Gulfstream ұшағы Лондон мен Сан-Франциско қалалары арасында уақытылы ұшып жүр. Сондықтан, трансатлантикалық ұшу кезінде Джобстың ұшағын көрсеңіз, таң қалмаңыз. Ол енді Джоннидің иелігінде.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: allaboutstevejobs.com

Ж. Өрісбай