Әлемдегі ең қымбат iPad-тар рейтингі

Әлемдегі ең қымбат iPad-тар рейтингі

Барлық планшет иелері қосымша әрлеулер мен сырт қаптардың көмегі арқылы ерекшеленгісі келеді. Енді қолына қарапайым iPad ұстаудан жалыққан адамдар зергердің көмегіне жүгініпті. Біз сіздерге арнайы тапсырыстармен жасалынған классикалық iPad-тардың жаңа бейнелерін ұсынамыз.

10 орын. Gresso ұсынған iPad

Бұл планшетті рейтингтің орта шеніне алып баруға да болар еді. Оның қосалқы құрамы жасалынған материал өте қымбат деуге де болады. Gresso ресейлік компаниясы Apple планшетінің корпусын сирек кездесетін ағаштан жасап шығарған.

iPad корпусының негізіне айналған Африканың 200 жылдық ағашы кейбір бағалы тастардан да қымбат тұрады. Сонымен қатар, планшеттің артқы бетіне зергерлер салмағы 18 карат болған алтыннан Apple логотипін жасаған. Жалпы планшеттің бағасы әзірге белгісіз. Дегенмен, оның арзан болмауы сөзсіз.

9 орын. Vavagold ұсынған iPad 2

Vavagold компаниясы Apple планшеттерінің екінші моделіне өзіндік көзқараспен өзгеріс енгізді. Оның өзге нұсқалардан ең негізгі ерекшелігі платинадан жасалынған корпус болды. Айтып өтілгендей, бұл IPad алтын немесе бағалы тастармен емес, ешкімнің ойына келе бермеген платина металымен көмкерілген.

Сондай-ақ, Vavagold компаниясы өзінің ұсынатын планшетін сақтандыруға кеңес береді. Себебі аса қымбат болған IPad-ыңызды қолдан түсіріп алған жағдайда, ол сізге көпке түсері анық. Оның бағасы 2382,75 АҚШ долларын қамтиды.

8 орын. Goldgenie ұсынған iPad Air

Goldgenie жаңа iPad Air планшетін ұсынған түңғыш компания болып табылады. Рейтингтен орын алған басқа планшеттерге қарағанда бағасы онша қымбат келмегендіктен, жалпы сатылымға шығып кетті. Бірақ 2463 АҚШ долларына татитын бұл планшеттің ерекшелігі неде?

iPad Air корпусын толық жабатын 24 карат алтынмен безендірілген. Зергерлердің таңдауы оң болған. Себебі Apple-дің жаңа смартфоны тура осы түспен көмкеріліп шыққан болатын (iPhone 5s). Дегенмен тұтынушылар жаңа тартуды үздік бағаламады. Мүмкін, олар Iphone 5s смартфонының жалғыз нұсқа ретінде қалғанын қалаған болар?

7 орын. iPad 2 Crystal Gold Edition

Мына ғажайыпты жасауға Стюарт Хьюз есімді зергердің ғана дәті барыпты. Стюарттың бұдан өзге туындыларының ішінде планшет бағасын бірнеше есе асып өтетін смартфондар бар. Демек, бұл «бюджеттік» еңбек болмаған көрінеді. Зергер нені ұсынғысы келді?

Планшеттің корпусы 24 карат алтынмен көмкерілген. IPad-тың арғы бетіндегі компания логотипі арнайы Swarovski-дің кристалдарымен жасалынған. Үздіктердің ішінде жетінші орынға табан тіреген планшеттің бағасы бар болғаны 4850 АҚШ долларын қамтиды екен.

6 орын. Gold & Co ұсынған iPad 2

2011 жылы Дубайда өткен көрмеде Gold & Co Apple планшеттерінің ең қымбат нұсқаларының бірін ұсынған еді.

Ұлыбританияның астанасында жұмыс жасайтын компания өзіндік IPad 2 жасау үшін 24 карат алтын жұмсаған. Одан бөлек, аталған көрмеде Apple компаниясының iPad, iPhone және iPod өнімдері де жаңа әрлеумен таныстырылған болатын.

5 орын. CrystalRoc ұсынған iPad

Бұл біздің рейтингте ұсынылған барлық планшеттің ішіндегі ең қарапайымы және ең стильді моделі болса керек. Зергерлер планшеттің алдыңғы беті мен дисплейін өзгеріссіз қалдырған. Ал оның артқы корпусы көзді шағылыстыратын 10 мыңға жуық бриллиантпен безендірілген.

Apple логотипін зергерлер жасады ма әлде өзі бұрынғыдай қалды ма? Ол жағы бізге белгісіз. Көбіне қыздарға келетін планшеттің бағасы небәрі 6450 АҚШ долларына бағаланып отыр.

4 орын. Crystograph ұсынған iPad 2 Blooming Gold Edition

Расында, Оңтүстік Кореяда өте тәжірибелі зергерлер тұрады. Аты әлемге белгілі Crystograph компаниясы 2011 жылы көпшілік қауымға өзінің жаңа IPad дизайнын ұсынды. Атына мән бергенмен, оның корпусында алтын жоқ. Дегенмен, өзге де артықшылықтары толып жатыр.

Сөз Swarovski компаниясының мыңдаған кристалдарында болып отыр. Жасаушылар тағы да сол Apple логотипіне көбірек мән беріп, оны қара бриллиантпен безендіреді.

Crystograph компаниясы планшеттің бес түрлі нұсқасын ұсынып отыр. Олар: Silver shade, Light Colorado Topaz, Crystal, Jet hematite және Golden shadow. Бұл да тым көп қаражат жұмсалған жоба болғанына қарамай, жаппай шығарылымға берілді. Оның орташа бағасы 10 000 АҚШ долларының төңірегінде ғана болып отыр.

3 орын. Mervis Diamond Importers ұсынған iPad

2010 жылы Apple ұсынған планшеттің бірінші моделі шыққанына небәрі бір-екі айдың төңірегі болған кезде Diamond Importers компаниясы жаңа планшеттің өзіндік нұсқасын сатылымға шығарады. Ол қарапайым IPad-қа қарағанда шамалы қымбат тұрады. Бар-жоғы 20 000 АҚШ долларын ғана артық төлейсіз. Сонда оның ерекшелігі неде екен?

Ескере кеткен жөн, жалпы осындай қосалқы құрамды жасау идеясын алғаш болып осы компания алға тартқан болатын. Корпусқа жұмсалған бриллианттың салмағы 11,43 каратты қамтиды. Нақты сомасын айтар болсақ, Mervis Diamond Importers өз еңбегін 19,999 АҚШ долларына бағалап отыр.

2 орын. Camael Diamonds ұсынған iPad

Apple планшеттері зергерлердің негізгі нысанына айналды. Оған келесі аталған компанияның зергерлері жасаған планшеттің нұсқасы мысал бола алады. Кеткен алтын 18 карат болып, жалпы өнім 1 кг салмаққа ие болған.

Одан бөлек, планшет жалпы салмағы 300 карат болған алмазбен әрленген. Зергерлер әдеттегідей Apple логотипі мен алдындағы Home батырмасына өзгеріс енгізуді жөн көріпті. Екеуі де қымбат бағалы қара тастармен көмкерілген.

Бұл тамаша дизайн мен жұмсалған бағалы заттардың есебінен, Camael Diamonds компаниясы планшетті 1,2 млн АҚШ долларына бағалады. Сатып алушыға арнайы иелік ететін сертификат беріледі деп қарастырылған. Дегенмен, ондай тұтынушының табылған, не табылмағаны туралы ақапарат әзірге жарияланбаған.

1 орын. iPad 2 Gold History Edition 

Бұл әзірге әлемдегі ең қымбат планшет болып отыр. Планшетті әрлеуші зергер бізге рейтинг барысында таныс болған Стюарт Хьюз еді. Оның артқы корпусына 24 карат алтын жұмсалған. Ал артындағы тістелген алманың суретін зергер әрбірі 16,5 каратты қамтитын 53 бриллиантпен әрлеген.

Ал дисплейдің айналасы аммолит деген өте сирек кездесетін бағалы таспен жасалынған. Сондай-ақ, планшеттің ерекше дизайнын көркейтуге динозаврдың да сүйегі қатысыпты. Ал мұның бәрі қарапайым планшеттің 8 млн АҚШ долларына бағалануына әкеп соқты. Планшетті иемденгісі келген сатып алушының бар немесе жоғы туралы Стюарт БАҚ өкілдеріне айтқысы келмеді.

Сіздерге ұсынылған планшеттердің қымбат екені суретінен-ақ көрініп тұр. Дегенмен, неліктен зергерлер дәл Apple компаниясының өнімімен тәжірибе жасағылары келді? Мүмкін Apple өнімдерінің көпшіліктің көңілінен шығып жатқандығынан болар?

Ал сіз қалай ойлайсыз?

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.hardnsoft.ru

Ж. Өрісбай