Құпия нөмірді қалай ашуға болады? (Activ/Kcell/Vegaline абоненттері үшін)

Құпия нөмірді қалай ашуға болады? (Activ/Kcell/Vegaline абоненттері үшін)

Кез келгеніміз өмірімізде бір рет болса да ұялы телефонымызға шалынған құпия нөмірді қабылдағанымыз анық. Ол кезде бізді «қоңырау шалған кім болды екен?» деген басты сұрақтың мазалайтыны да жасырын емес. Оған жауап таба алмай, кейде тіпті оны біреулерлерге сырттай таңып қойып жататынымыз да бар. Енді бұл мәселенің түйіні түпкілікті шешілген сияқты. Бүгінгі таңда Kcell/Activ/Vegaline абоненттері үшін компанияның ресми сайтына тіркеліп, кез келген уақыттағы кіріс қоңырауларын тексеруге мүмкіндік жасалып отыр. Ал бастысы сіздің нөмірге шалынған құпия абонентті де анықтауға әбден болады. Ол үшін келесі қадамдарды жасасаңыз, жеткілікті.

Сонымен, қоңырау шалған құпия абонентті бірге анықтап көрейік:

Activ, Kcell және Vegaline қоңыраулары жөніндегі детализацияны қалай алуға болады?

Activ.kz сайтын ашып, жоғарыдағы «Менің Activ» бөліміне өтесіз.

1

Жеке нөміріңіз бен пароліңізді көрсетесіз (Осыған дейін тіркелген абоненттер үшін).

2

Парольді қалай аламын?

245 нөміріне кез келген әріп немесе сөз жіберіңіз немесе *245# теріңіз. Сізге бірнеше секундтың ішінде жеке пароліңіз келіп түседі.

5

Детализацияға қол жеткізу

Ол үшін терезенің сол жағындағы «Детализация» батырмасына өтесіз. Одан кейін құпия нөмірдің (немесе қарапайым нөмір) сізге қай күні қоңырау шалғанын өзіңіз күнтізбеден көрсетесіз.

8

(Құпия нөмірді анықтауға мүмкіндік алу үшін бір шарт бар екенін де айта кетейік: ұялы телефоныңызға жасалған құпия қоңырау сіздің тарапыңыздан қабылданған болуы тиіс. Басқаша айтқанда, құпия қоңырау оператордың базасында тіркелуі керек.

Одан бөлек, компанияның сізге берген барлық мәліметі (қоңыраулардың детализациялары) тек Сізге ғана тиесілі екенін есіңізден шығармаңыз. Сондықтан оны ешқашан үшінші жаққа беруші болмаңыз. Сондай-ақ детализацияға қол жеткізбес бұрын сіз компанияның өзіңіз туралы мәліметтерді пайдалануына рұқсат бересіз.  

Ескерте кететін жәйт, кей жағдайда нөміріңізге бүгін келіп түскен абонент нөмірі тек келесі күні ғана анықталуы мүмкін. Сондықтан біраз күте тұруыңызға тура келеді).

Осы командаларды орындағаннан кейін «Шолу» батырмасын бассаңыз, өзіңіз белгілеген уақыт аралығындағы кіріс қоңарауларының тізіміне қол жеткізесіз. Ал құпия нөмірді анықтау үшін оның сізге соққан нақты уақытын біліп алып, соған сәйкес келетін абонентті қараңыз.  

8

Егер сіз бұл тізімді электронды поштаңызға жібергіңіз келсе, бокс орынға мекенжайыңызды енгізсеңіз болады. Сондай-ақ құжат түрін де өзіңіз таңдайсыз (Excel немесе PDF).

9

Айта кетейік, біз жоғарыда келтірген мысалымызды тек activ.kz ресми сайтында жасадық. Kcell.kz сайтындағы детализацияға қол жеткізу жолы да біз көрсеткен амалдармен сәйкес келеді. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: news.mail.ru

Б. Қосмағамбет