Стив Возняк: "iPhone 6 смартфоны нарықта екпінділік танытатын болады"

Стив Возняк: "iPhone 6 смартфоны нарықта екпінділік танытатын болады"

Apple компаниясының негізін салушылардың бірі Стив Возняк өзінің TMZ ғаламтор ақпараттық желісіне берген сұқбатында жаңа шыққан iPhone 6 смартфондары Android базасындағы смартфондардың нарығына әсер ете алатынын айтады.

«Мен көп уақыт бойы оларды салыстыру мақсатында әрі Android, әрі Apple смартфондарын бірдей қолданып келдім. Маған әрқашан үлкен экранды смартфондар ұнайтын еді. Ендеше мен Android смартфондарынан толығымен арылатын болдым», - дейді, Даллас халықаралық әуежайында жүріп бара жатып, Стив.

Возняктың досы Стив Джобс кезінде «Ешкім ешқашан үлкен телефонды сатып алмайды» деген болатын.

Ал Стив Возняк өзіне үлкен дисплейлі смартфондардың ұнайтыны туралы еш жасырмайтын. Енді iPhone 6 смартфондарының дисплейі үлкейіп, Apple Pay жүйесі енгізілгеннен кейін, Возняк қуана сатып алатынын айтты.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.technobuffalo.com

Ж. Өрісбай