Nike кәсіпқой спортшыларға арналған ұшақ шығарады

Nike кәсіпқой спортшыларға арналған ұшақ шығарады

«Nike» жақсы нәтижеге жету үшін спортшыларға не қажет екенін біледі. Пайдалы тағам, максималды жайлылық. Дәл осыларды қамту үшін спорттық компания «Teague» дизайн студиясымен бірігіп жеке джет салонын жасап шықты.


Ұшақ ішінде кәсіпқой спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Оның ортақ қонақ бөлмесі, жуынатын және жатын бөлмесі, массаж жасайтын кабинеті бар. Мұның барлығы көп орын алып тұрса да, ауыр матчтан кейін қайта қалпына келуге мүмкіндік береді.


Ұшақ қызыл және сұр түске боялған. Бірақ аталғандардың барлығы әзірге жоба ғана, ең алғашқысы қашан ауаға көтерілетіні белгісіз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: buro247.kz

Қ. Бүйенбай