Samsung өзінің жаңа смарт сағатын таныстырды

Samsung өзінің жаңа смарт сағатын таныстырды

Оңтүстіккореялік компания SuperAMOLED технологиясы бойынша жасалған Galaxy Gear S дөңес смарт сағатын таныстырды, деп хабарлайды SamMobile. Өзге де смарт сағаттардан ерекшелігі Android Wear және Samsung-тің жаңа Tizen платформаларында бірегей жұмыс істей алады.

Дөңес пішінге ие гаджет 3G технологиясымен қамтылған. Нақтылап өтсек, байланыс қызметтерімен қатар, ғаламторда да еркін жұмыс істей алады. Басқа смарт сағаттар әзірге Bluetooth және WiFi технологияларымен шектелген.

«Samsung Gear S мобильді қарым-қатынасты өзгертіп, смарт сағаттардың жаңа өрісін қалыптастыратын болады. Ол өз тұтынушысына кез келген жерде, кез келген жағдайда көмек бере алады», - дейді Samsung Mobile басшысы Джей Кей Шин.

Аталған сағат 1 ГГц ауқымға ие екіядролы процессормен жұмыс істейді. Сондай-ақ, барометр, GPS, компас, пульсометр және ультракүлгін сәулелерді көрсететін монитор батырмалары бар көп функциялы сенсорға ие.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.sammobile.com

Ж. Өрісбай