Көзге көрінбейтін капот шығарылды

Көзге көрінбейтін капот шығарылды

"Land Rover" брендінің білгірлері көлік капотын "түссіз" қылатын технология жасап шығарыпты.

Технология "Transparent Bonnet" («түссіз капот») деген атау алған. Жұмыс жасауы келесі кезекте жүзеге асады: көліктің радиаторына фронтальды камера орналасып, өз кезегінде, көлік капотының астындағы көріністерді ретранслиялайды екен. Жалпы құрылғы көліктің маңдай тұсындағы шынылы әйнекке орналастырылатын көрінеді.

Технология капот астындағы көріністі көрсетуге бағытталған. Жүргізуші капоттың  шыны секілді түссіз кейіпке енгенін көреді.  Ең бастысы, көлік иесі жүріп тұруына кедергі етуі мүмкін қауып-қатерді күні бұрын біліп отыра алмақ.

Экранға сонымен бірге көліктің жылдамдығы, доңғалақтарының жай-күйі, өзге де маңызы бар ақпараттар шығып тұрады.

Мамандар келешекте жүргізушілердің көлік айналасындағы бар көріністі қарауына мүмкіндік беретін технология жасап шығармақ.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: dalealplay.com

Л. Лига