Головкин – Рубио кездесуінің промо-ролигі таныстырылды

Головкин – Рубио кездесуінің промо-ролигі таныстырылды

«HBO» телеарнасы орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарынның әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин мен орта салмақтағы WBC тұжырымының уақытша чемпионы мексикалық боксшы Марко Антонио Рубио арасында өтетін кездесудің ресми промо-ролигін таныстырды.

Головкин мен Рубио арасындағы жекпе-жек 18 қазан күні Лос-Анджелесте өтеді. Әйгілі «НВО» телеарнасы бұл тарихи кездесуді тікілей эфирден таратуды көздеп отыр. Головкин мен Рубио кездесуінің жеңімпазы орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдарының иегері атанып, пуэрторикалық Мигель Котто иелік ететін WBC тұжырымына таласатын болады.

32 жастағы Геннадий Головкиннің бұл – кәсіпқой бокстағы 31-ші, 2014-ші жылғы үшінші жекпе-жегі. Ал, 34 жастағы Марко Антонио Рубионың 67-ші жекпе-жегі саналады. Рубио бұған дейін 59 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңіліс тапқан және 1 кездесуін тең аяқтаған.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: sport.nur.kz

Н. Айдархан