Геннадий Головкин "Жыл боксшысы" атағына үміткерлердің үздік бестігіне енді

Геннадий Головкин "Жыл боксшысы" атағына үміткерлердің үздік бестігіне енді

Америкалық танымал Bleacher Report сайты «2014 жылдың үздік боксшысы» атағынан үміткер боксшылардың тізімін жариялады. Бұл тізімде орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарынның әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин үздік бес боксшының қатарына енді.

Қазақстандық боксшы ағымдағы жылы екі кездесу өткізіп, екеуінде де мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Головкин жыл басында (1 ақпан, Монте-Карло, Монако) ганалық Осуман Адамды тізе бүктірсе, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен екінші жекпе-жегінде австралиялық Дэниэл Гилден басым түсті.

Геннадий Головкиннің үшінші кездесуі ағымдағы жылдың 18 қазан күні Лос-Анджелесте өтеді. Отандасымыз орта салмақтағы WBC тұжырымының уақытша чемпионы мексикалық боксшы Марко Антонио Рубиомен жұдырық түйістіреді. Головкин мен Рубио кездесуінің жеңімпазы орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдарының иегері атанып, пуэрторикалық Мигель Котто иелік ететін WBC тұжырымына таласатын болады.

Bleacher Report  нұсқасы бойынша «2014 жылдың үздік боксшы» рейтингінде пуэрторикалық боксшы Мигель Котто көш бастап тұр. Одан кейінгі орында америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер тұрса, үшінші орын мексикалық Сауль Альварестің еншісінде. Ал, жерлесімізден бір саты жоғарғы орында америкалық боксшы Теренс Кроуфорд келеді.

Қоса кетсек, Геннадий Головкин танымал Sports.ru сайты түзген рейтинг бойынша «Әлемдегі ең үздік боксшы» атағына үміткер атанған болатын. Отандасымызға мына сілтеме арқылы дауыс бере аласыздар.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: boxing.ru

Н. Айдархан