Қазақстандық төрешілер Еуропа лигасында тұңғыш рет қызмет етеді

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Қазақстандық төрешілер Еуропа лигасында тұңғыш рет қызмет етеді

Қазақстандық футбол төрешілері тұңғыш рет Еуропа лигасының топтық кезеңінде төрелік ететін болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

БӨЛІСУ

Қарағандылық Александр Кучин бастаған төрешілер тобы Еуропа лигасының топтық кезеңінің алдағы ойындарына шақырту алды. Александр Кучин 2008 жылдан бері премьер-лига ойындарында қызмет етіп келеді. Ол ел біріншілігінде жалпы саны 71 кездесуге қазылық жасаған. Оған қоса, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңдеріндегі халықаралық ойындарда 34 рет төрелік еткен.

Қазақстандық төрешілер тобы: бас төреші – Артем Кучин, ассистенттер – Евгений Бельский, Анатолий Ходин; қосалқы төреші – Сергей Васютин, қосалқы ассистенттер –  Александр Гаузер, Денис Измайлов.

Аталған қазақстандық төрешілер тобы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі швейцариялық "Янг Бойз" және словакиялық "Слован" арасындағы ойында жұмыс істейтін болады. Кездесу 18 қыркүйек күні өтеді. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz