Анелька үндістандық «Мумбай Сити» командасына ауысты

Анелька үндістандық «Мумбай Сити» командасына ауысты

Әйгілі франциялық футболшы Николя Анелька спорттық мансабын үндістандық «Мумбай Сити» командасында жалғастыратын болды. Бұл туралы «Р-Спорт» агенттігі хабарлап отыр.

«Мумбай Сити» командасына келіп, суперлигада ойнау мүмкіндігіне ие болғаным үшін қуаныштымын. Әлемдік футбол жұлдыздары мен үндістандық үздік ойыншылар тамаша ойындар тарту етеді деп ойлаймын», - дейді дейді 35 жастағы шабуылшы.

Николя Анелька ең соңғы рет ағылшындық «Вест Бромвич Альбион» командасында өнер көрсетті. Ол «Вест Хэм» командасына қарсы өткен Англия чемпионатының кезекті бір турында қатаң тәртіп бұзып, бес ойынға жазаға тартылған болатын. Футболшымен арадағы үлкен дау-дамайдан кейін клуб басшылығы келісімшартты бұзуға мәжбүр болды.

Анелька Франция құрамасы сапында 69 ойын өткізіп, 14 гол салған және командаластарымен бірге 2000 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ, екі рет «Арсенал» мен «Челси» қатарында Англия чемпионатын ұтып алса, «Ювентус» сапында Италия чемпионатын, «Фенербахче» сапында Түркия чемпионатын және Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Анелька бұнымен қоса мадридтік «Реал» командасында да өнер көрсетті.

Үндістанның жаңа маусымы 12 қазаннан бастап жалауын көтереді. Бұл біріншілікте бірнеше танымал ойыншы доп тебеді. Атап айтқанда: франциялық шабуылшы Давид Трезеге, «Арсенал» клубының бұрынғы ойыншылары Робер Пирес және Фредди Юнгберг, Англия құрамасының бұрынғы қақпашысы Дэвид Джеймс, «Ливерпуль» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Луис Гарсия, «Ювентус» командасының бұрынғы шабуылшысы Алессандро Дель Пьеро, бразилиялық жартылай қорғаушы Роналдиньо, т.б.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: chelseablog.ru

Н. Айдархан