Еуро-2016. Қазақстан құрамасы Латвиямен тең ойнады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Еуро-2016. Қазақстан құрамасы Латвиямен тең ойнады

Футболдан 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Ұлттық құрамасы Латвия футболшыларымен кездесіп, 0:0 есебімен тең ойнады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Ойын бір қалыпты басталды. Қазақстандық футболшылар бірнеше мәрте шабуыл ұйымдастырып, латвиялық қорғаушылардың мазасын кетерді. Алғаш болып Таңат Нөсербаев соққы бағыттап көріп еді, алайда латвиялық қақпашы Колинько өз орнынан табылды. Орталық алаңда ойқастаған Бауыржан Исламхан шабуылшыларға бірнеше рет дәл пас шығарып берді. Алайда бірде Хижниченко, бірде Нөсербаев мүлт кетіп жатты. Шамконың өзі екі рет гол салар сәтті пайдалана алмады. Ал, Латвия шабуылшылары бірінші кезеңде белсене алмады.

Екінші кезеңді қазақстандық футболшылар қарқынды бастады. Ойыншыларымыз екі қапталдан сәт сайын шабуылдар жасап, есеп ашуды көздеп бақты. Әйткенмен футболшыларымызға бірде дәлдік жетіспей жатса, енді берде қарсыластардың тас қамал қорғанысы қиындық тудырды. Ойынның негізгі бөлігі латвиялықтардың жарты алаңында өрбіді. Латвия футболшылары ауық-ауық қарымта шаубылдарға шығып отырды. Бірақ біздің қорғаушылар сауатты қорғанып, шабуылшыларға ерік бермеді. Ойынның 68-нші минутында латвиялықтар сапынан Владислав Габов суырылып шығып, Сидельниковпен жеке қалды. Алайда «Ақтөбе» командасының қақпашысы қырағылық танытты. Екінші кезең орталаған кезде Юрий Красножан Таңат Нөсербаев пен Бауыржан Исламханның орнына Азат Нұрғалиев пен Бауыржан Жолшиевті қосты. Екі ойыншы да аса маңызды үш ұпай үшін аянбай тер төкті. Алайда нәтижелі есеп тіркелмеді. Осылайша Юрий Красножан жетекшілігінде Қазақстан құрамасы 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында алғашқы кездесуін өткізіп, бір ұпайға қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы енді 10 қазан күні сырт алаңда Нидерланды құрамасымен кездеседі.

Қазақстан — Латвия 0:0 (0:0) 
Ескертулер: Шабала 23, Горкшс 29, Зюзин 93
Қазақстан: Сидельников, Воротников, Абдулин, Смақов, Мирошниченко, Логвиненко, Исламхан (Нұрғалиев 82), Нөсербаев (к) (Жолшиев 73), Шомко, Богданов, Хижниченко 
Латвия: Колинько, Булвитис, Габов, Горкшс, Максименко, Лайзанс, Ковалев, Лаздиньш (Фертов 27), Зюзин, Шабала, Руднев (Вишняков 79)
Бас төреші: Иван Кружляк (Словакия)
9 қыркүйек. Астана. Астана Арена.  

Автор: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz