«Реал» рекордты табысына қол жеткізді

«Реал» рекордты табысына қол жеткізді

Мадридтік «Реал» 2013/2014 жылғы маусымда өз тарихындағы ең ірі табысын қазынасына басты. «Корольдік клуб» өткен маусымда 603,9 миллион еуро қаржыға кенелген.

Рекордты табыс мөлшері жайлы ресми ақпаратты клуб президенті Флорентино Перес 21 қыркүйек күні мәлімдемек. Бұл маусымдағы клуб табысы өткен маусымдағымен салыстырғанда 10,9 пайызға өскен. Сонымен қатар, үш маусым қатарынан жарты миллион еуродан асық пайда тапқан алғашқы клуб атанып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, өткен маусымда «Реал» өз тарихында оныншы рет Чемпиондар лигасымен қоса Испания кубогын жеңіп алған болатын.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: zastavki-oboi.ru

Ө. Сансызбай