Қазақстан жастары ойсырай ұтылып қалды

Қазақстан жастары ойсырай ұтылып қалды

2015 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан U-21 жастар құрамасы «Астана-Аренада» Франция жастарынан ойсырай ұтылып қалды. Ойында 1:5 есебі тіркелді.

Саулюс Ширмялис шәкірттері ойынды тәуір-ақ бастаған-ды. Бірақ, сәт сайынғы қателіктер жерлестерімізді алға бастырмады. Жалғыз голды қарағандылық «Шахтер» шабуылшысы Роман Мұртазаев соқты. Француздар қатарынан Яя Саного мен Лайвен Курзава дубль авторлары атанса, Морган Сансо бір допты еншісіне жазып кетті. Нәтижесінде Қазақстан жастар құрамасы тоғыз ұпаймен іріктеу ойындарын аяқтады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай