Бүгін Қазақстан жастар құрамасы Франциямен кездеседі

О Сансызбай Корреспондент
Бүгін Қазақстан жастар құрамасы Франциямен кездеседі

2015 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан U-21 жастар құрамасы бүгін «Астана-Аренада» Франция жастарын қабылдайды. Бұл Саулюс Ширмялис шәкірттерінің топтық кезеңдегі соңғы кездесуі.

БӨЛІСУ

Кеше жерлестерімізбен бір топта өнер көрсететін Исландия жастары армяндардан төрт доп басымдығымен жеңіп, топтық кезеңнен шығу мәселесін шешіп тастады. Бұл нәтиже Қазақстан жастар құрамасының жолдамаға таласар үмітін түбегейлі сөндірді. Өйткені, жерлестерімізде 9 ұпай, Исландия жастарында осыған дейін 12 ұпай бар еді.

Франция жастар құрамасы осыған дейінгі алты кездесуінде де жеңіске жеткен. Қазақстандық жастармен өткен алғашқы ойында 5:0 есебі тіркелген болатын. Расында да француз жастары қазіргі таңда Еуропаның үздік клубтарының негізгі құрамында ойнайды. Мұны бас бапкер Саулюс Ширмялис те мойындап отыр.

– Франция жастарының қауқары бәрімізге мәлім. Біз әлемдегі ең мықты командаға қарсы ойнағалы жатырмыз. Олардың көпшілігі өнер көрсететін командаларының негізгі құрамына ілігіп үлгергендер. Бізді ең ауыр кездесулердің бірі күтіп тұр. Бұл ойын жастарымыздың қаншалықты тойтарыс беруге қауқары жететінінің көрсеткіші болмақ, – деді бас бапкер.

Кездесу Астана уақытымен кешкі сағат 20:15-те басталады. Ойынға кіру тегін. Тікелей эфирде «KazSport» арнасынан тамашалай аласыздар.

 Командалар  



 Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай %
1   Франция U21 Франция U21



  6 6 0 0 22-5 18 100 
2   Исландия U21 Исландия U21



  7 5 0 2 19-10 15 71.4
3   Казахстан U21 Қазақстан U21


 
7 3 0 4 7-13 9 42.9 
4   Армения U21 Армения U21

 

7 2 0 5 5-18 6 28.6
5   Белоруссия U21 Белорусь U21


 
7 1 0 6 5-12 3 14.3

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ffk.kz