Кроос «Барселонада» ойнағысы келген...

О Сансызбай Корреспондент
Кроос «Барселонада» ойнағысы келген...

Жазғы трансфер кезеңінде мадридтік «Реалдың» қатарын толықтырған Германия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Кроос алғашында каталондық «Барселонаға» ауыспақ болған екен. Бұл туралы ақпаратты испаниялық «Mundo Deportivo» басылымы таратып отыр.

БӨЛІСУ

Басылым ақпараты бойынша, 24 жастағы футболшы бірінші болып «блауграна» тастаған ұсынысты қабыл алған. Кейіннен каталондық клубтың бапкерлер қосыны ақылдаса келе мюнхендік клубтың ойыншысынан бас тартқан.

Естеріңізге сала кетсек, кейіннен мадридтік «Реалдан» ұсыныс алған Тони Кроос «Сантяьго Бернабеуден» бірақ шыққан болатын. Трансфер құны 30 миллион еуроны құраған-ды. Жартылай қорғаушы мен клуб алтыжылдық келісімшартқа қол қойған. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.ru