«Жұлдызды ойынның» билет құны белгілі болды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
«Жұлдызды ойынның» билет құны белгілі болды

26 қыркүйек күні алматылық «Қайрат» футбол клубы 60 жылдық мерейтойы қарсаңында әлем футболының «жұлдыздарынан» құралған командаға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Жанкүйерлер асыға күткен кездесудің билет құны белгілі болды.

БӨЛІСУ

Батыс трибунадағы билет құны 7 мың теңгені құраса, Шығыс трибунада 5 мың, Оңтүстік пен Солтүстік трибунада 3 мың теңге тұрады. Билеттер қыркүйек айының 15-нші жұлдызынан бастап сатылымға шығады. Жанкүйерлер билеттерді қаладағы басты кассадан сатып ала алады.

Өткен жолы хабарлағанымыздай, «Қайрат» командасы сапынан Евстафий Пехлеваниди, Владимир Нидергаус, Фанас Салимов, Сергей Стукашов, Валерий Гладилин, Сергей Рожков, Евгений Яровенко, Евгений Кузнецов, Игорь Авдеев, Руслан Балтиев, Дмитрий Огай және Михаил Гурман сынды ардагер футболшылар алаңға шығады. Команданы қазандық «Рубин» командасының бұрынғы бас бапкері Құрбан Бердыев бастап шығады.

Ал әлем футболы «жұлдыздарынан» құралған командада Франческо Тольдо, Йенс Леманн, Паоло Мальдини, Хавьер Дзанетти, Алессандро Костакурта, Кахабер Каладзе, Фабио Каннаваро, Кристиан Пануччи, Сержиньо, Ривалдо, Луиш Фигу, Леонардо, Эдгар Давидс, Кларенс Зеедорф, Андрей Шевченко, Кристиан Вьери және Дуайт Йорк сынды әйгілі футболшылар өнер көрсетеді. Бұл ұжымды Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло бастап келеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетсек, «Қайраттың» ардагер ойыншылары мен Әлем құрамасы арасындағы ойын 26 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: fckairat.kz