Қызылордада әуесқой футболшылар лигасы құрылады

Қызылордада әуесқой футболшылар лигасы құрылады

Қызылорда қаласында фейсбукшілер арасындағы ҚОФФ Ашық ауыспалы кубогы мәресіне жетті. Қазақстан Республикасының Конституция күніне орайластырылып ұйымдастырылған доданың финалдық кезеңінің қорытындысы бойынша, шағын футбол лигасын құру туралы шешім қабылданып, лиганың «А» және «В» топтарына үміткер командалар толық белгілі болды.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық футбол федерациясының Президенті Нұржан Әлібаевтың қатысуымен өткен ашық кубоктың финалдық кезеңіне ҚОФФ Атқару комитетінің Асқар Сереков, Акмалхан Холматов, Серік Жаппасбаев, Берік Көпжасар сынды мүшелері де қатысып, тіпті Федерация атынан жасыл алаңда доп тепті.

Ал финалдық кезеңге қатысуға ниетті командалардың саны 25-ке дейін жетті. Иә, бірінші аптада жеті, одан кейін сегіз, үшінші аптада он төрт, төртіншісіне жиырма бір команда қатысқанын ескерсек, осы жолғы 25-ке жетуі турнир үшін үлкен жетістік болып отыр.

Сонымен, тамыз айында өткен фейсбукшілер арасындағы ҚОФФ ашық ауыспалы кубогының қорытындысы бойынша жартылай финалға жеткен командалардың барлығы қыркүйек айында басталатын шағын футбол лигасының «А» тобында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Қалған командалардың барлығы «В» тобында ойнайды. Дәл қазір лиганың өту жүйесі жасалуда. Командалардан өтініштерді қабылдау уақыты 4 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жолдаған: Әзиз Жұмаділ

Сурет:Әзиз Жұмаділ

Қызылордада жаңа стадион бой көтереді

Ө. Сансызбай