Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

Монакода футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. «Астананы» жарыс жолынан шығарған «Вильярреал» «А» тобына түссе, «Легия» «L» тобында өнер көрсететін болды.

Владимир Газзаев шәкірттерін Чемпиондар лигасында сүріндерген бухарестік «Стяуа» «J» тобына түсті. Бұл топта өткен жылы жерлестеріміздің жолын бөгеген киевтік «Динамо» мен осы маусымда «Астана» сапында сәтті өнер көрсетіп кете алмаған Ренан Брессанның жаңа клубы «Риу Аве» бар.

Жеребе қорытындысы төмендегідей:

«А» тобы: "Вильярреал" (Испания), "Боруссия" Менхенгладбах (Германия), "Цюрих" (Швейцария), "Аполлон" (Кипр);
«B» тобы: "Копенгаген" (Дания), "Брюгге" (Бельгия), "Торино" (Италия), ХИК (Финляндия);
«C» тобы: "Тоттенхэм" (Англия), "Бешикташ" (Түркия), "Партизан" (Сербия), "Астерас" (Грекия);
«D» тобы: "Зальцбург" (Австрия), "Селтик" (Шотландия), "Динамо" Загреб (Хорватия), "Астра" (Румыния);
«E» тобы: ПСВ (Нидерланды), "Панатинаикос" (Грекия), "Эшторил" (Португалия), "Динамо" Мәскеу (Ресей);
«F» тобы: "Интер" (Италия), "Днепр" (Украина), "Сент-Этьен" (Франция), "Карабах" (Әзірбайжан);
«G» тобы: "Севилья" (Испания), "Стандард" (Бельгия), "Фейенорд" (Нидерланды), "Риека" (Хорватия);
«H» тобы: "Лилль" (Франция), "Вольфсбург" (Германия), "Эвертон" (Англия), "Краснодар" (Ресей);
«I» тобы: "Наполи" (Италия), "Спарта" (Чехия), "Янг Бойз" (Швейцария), "Слован" (Словакия);
«J» тобы: "Динамо" Киев (Украина), "Стяуа" (Румыния), "Риу Аве" (Португалия), "Ольборг" (Дания);
«K» тобы: "Фиорентина" (Италия), ПАОК (Грекия), "Генгам" (Франция), "Динамо" Минск (Беларусь);
«L» тобы: "Металлист" (Украина), "Трабзонспор" (Түркия), "Легия" (Польша), "Локерен" (Бельгия);

Топтық кезеңнің бірінші ойындары 18 қыркүйек күні басталады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:kerkida.ru

Ө. Сансызбай