Арзуманян «Амкарға» ауыспауы мүмкін

Арзуманян «Амкарға» ауыспауы мүмкін

«Ақтөбе» командасында өнер көрсетіп жүрген Армения ұлттық құрамасының қорғаушысы Роберт Арзуманян ресейлік «Амкар» командасына ауыспауы мүмкін. Бұл туралы армениялық сайттар хабарлап отыр.

Өткен айда Роберт Арзуманян 2015 жылдан бастап ресейлік «Амкар» құрамында ойнайтыны туралы ақпарат тараған еді. Осы маусымнан кейін «Ақтөбемен» келісімшарты аяқталатын футболшы пермдік клубпен толық келісімшартқа қол қойып үлгермеген көрінеді. Кеше Ресей футбол федерациясының шешімімен бірнеше футбол клубтары алдағы уақытта жаңа футболшыларды қатарларына қоса алмайтын болды. Олардың қатарында «Амкар» да бар. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: armsport.am

Ө. Сансызбай