CAS «Легия» шағымын қабыл алмады

О Сансызбай Корреспондент
CAS «Легия» шағымын қабыл алмады

Лозаннадағы спорт істері бойынша төрелік ететін сот (CAS) Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Ақтөбенің» қарсыласы варшавалық «Легия» шағымын қабыл алмады. Бұл туралы CAS ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Осыған дейін УЕФА «Легия» шағымын қарамаған болатын. Нәтижесінде клуб басшылығы соңғы үмітін Лозаннадағы спорт істері бойынша төрелік ететін сотқа артқан. Бірақ, бұл жолы да тілектері орындалмады. Тіпті «Селтиктен» де түзде тағы ойнауға келісім сұрады. Бірақ, шотландиялық клуб бәрін УЕФА шешеді деп жылы жауып құтылды. Нәтижесінде польшалық клуб Еуропа лигасын жеңіп алуға белді бекем буып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, шотландиялық «Селтикпен» алғашқы кездесуде «Легия» 4:1 есебімен жеңген болатын. Қарымта ойында да олар екі доп басымдығымен жеңіп тұрған-ды. Польшалық команда бапкерлер қосыны қателігінен кейін қара басып, Еуропа лигасына түсті. Ал «Ақтөбемен» өтетін кездесу 21 тамызға жоспарланған. Ойынды «KazSport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: legia.com