Пеле үшінші рет шаңырақ көтермек

О Сансызбай Корреспондент
Пеле үшінші рет шаңырақ көтермек

«Футбол королі» және үш дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізген Пеле үшінші рет шаңырақ көтермек. Бұл туралы La Rebubblica басылымы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

73 жастағы бразилиялық аңыз тұлғаның көңіл қосып отырған аруы танымал кәсіпкер - Марсия Сибеле Аоки. Тегі жапон әйел Пеледен 25 жасқа кіші. Ал екеуі 2010 жылдан бері кездесіп келеді екен. Әзірге, үйлену салтанатының уақыты белгіленбепті. Үйлену тойы өткеннен кейін, қол ұстасып Сан-Паулуда демалуды да жоспарлап қойыпты.

Пеле осыған дейін екі рет шаңырақ көтерген. Қазір екі әйелінен 5 баласы бар.

ХХ ғасырдың аңыз футболшысы спорттық мансабында Бразилияның «Сантос» пен америкалық «Нью-Йорк Космос» клубтарында өнер көрсеткен. Ұлттық құрама сапында 92 кездесуге қатысып, 77 гол соққан.

Дайындаған: Өмірбек Сангсызбай

Сурет: br.ipcdigital.com