Руни «МЮ» капитаны болды

Руни «МЮ» капитаны болды

«Манчестер Юнайтед» командасының тізгінін ұстаған Луи ван Гал клубтың капитаны қызметін шабуылшы Уэйн Руниге сеніп тапсырды. Ал вице-капитан болып жартылай қорғаушы Даррен Флетчер тағайындалды.

- Мен үшін капитан болатын футболшы маңызды. Уэйн өзінің ісіне аса жауапкершілікпен қарайды және кәсіби деңгейдегі ойыншы. Ол жас футболшыларға ақыл айта алады. Ал Даррен де тәжірбиелі ойыншы. Оны да барлығы сыйлайды әрі тыңдайды, - деді нидерландылық бапкер. Ал өз кезегінде Англия құрамасының шабуылшысы сенімді ақтайтынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен маусымда «қызыл сойқандар» капитаны қызметін Неманья Видич атқарған. Ал вице-капитан Патрис Эвра болған еді. Екеуі де трансфер кезеңінде өзге клубқа ауысып кетті. Луи ван Гал келісімен «Манчестер Юнайтедте» үлкен өзгерстер орын алуда. Бас бапкер алғашқы алты кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:footballtop.ru

Ө. Сансызбай