«Барыс» Президент Кубогының финалында ұтылып қалды

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» Президент Кубогының финалында ұтылып қалды

Астаналық «Барыс» хоккей клубы Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының финалында ресейлік «Авангардқа» 3:5 есебімен ұтылып қалды.

БӨЛІСУ

Бірінші болып жерлестеріміз сапынан Евгений Рымарев 24 минутта есеп ашқан. Алайда екінші кезең аяқталғанша қазақстандық клубтың қақпашысы Ян Лацо өз иелігінен 3 рет шайбаны алып шықты. 42 минутта қонақтар қатарынан Денис Паршин есепті 1:4-ке жеткізді. Кевин Даллмэн 49 минутта есепті қысқартқанмен, артынша Александр Попов өз олқылықтарының орнын толтырып кетті. Ал ойын аяқталуға 3 минут қалғанда соққан Дастин Бойдтың шайбасы жақында ғана командамен қоса ұлттық құрама тізгінін ұстаған Андрей Назаровтың алғашқы жүлдесін жеңуіне көмектесе алмады.

Осыған дейін үшінші орын үшін өткен тартыста «Нефтехимик» «Металлургпен» 4:4 есебімен тең ойнап, буллит сериясында жеңіп шықан болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.kz