Рианна футбол клубын басқарғысы келеді

Рианна футбол клубын басқарғысы келеді

Испандық спорт басылымдары әйгілі әнші Рианна ағылшынның танымал клубтарының бірінің қожайындарымен серіктес болатынын жазуда. Ал осыған дейін әнші бір клубты сатып алып басқарғысы келіп жүргенін ақпарат құралдары жазған да еді.

El Mundo Deportivo ақпараты бойынша Рианна бұл істі бастамас бұрын лондондық «Челсиге» қайта оралған Дидье Дрогбадан ақыл сұраған көрінеді. Олардың топшылауы бойынша, әнші мерсисайдтық «Ливерпуль» клубының серіктестерінің қатарынан табылуға ниеттеніп жүргенге ұқсайды. Жылдық табысы 50 миллион долларды құрайтын Рианна өз елі Барбадоста спорт мектебін ашуды да жоспарлап жүр екен.

Испания ақпарат құралдарының танымал әншінің мерсисайдтық клуб қожайындарымен серіктес болуын, сол командаға жанкүйерлік танытуымен түсіндіріп отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:omusic.com.ua

Ө. Сансызбай